Атырау облысында су шайған жерден адам сүйектері табылуда

Жаңалықтар
view 377
news

Фото интернеттен

Атырау облысында су тасқынынан қорғану үшін жер қазғанда адам сүйектері табылды, деп хабарлайды janabastau.kz. Әлеуметтік желіде тараған сурет желі қолданушыларының назарын аударып, талқыға түсті.
 
Пост авторы Дастан Абдырахманұлының мәліметінше, бұл жергілікті тұрғындар үшін қалыпты жағдай.

"Орта ғасырлық "Сарайшық" ескерткішінің үстіне 16 ғасырдан бастап зираттар түскен. 19 ғасырдағы тарихи деректер бойынша Сарайшықтың үстінде екі христиан, екі мұсылман зираты болған", - деді "Сарайшық" музей-қорығының директоры Әбілсейіт Мұхтар, - деп жазды ол.

Посттың астында оқырмандар өз ойларымен бөлісіп, әралуан пікір жазды. 
 
Біреулер: Ештеңе етпейді! Қайтадан басқа жерге көму керек. Бірақ баста қай дәуірге тиісті екенін анықтап алу керек, деп жазса, енді біреулері: Құдай өзің сақтай көр. Не боп кетті өзі елімізде? Бұл бастамасы ғана емес пе екен? Табиғат апаты екеніне еш сенбеймін. Сенуге себеп жоқ, деп жазды. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *