Мұндай жарақат алған адамның аман қалуы екіталай — сарапшы (видео)

Жаңалықтар
view 327
news

Фото интернеттен

 
Қуандық Бишімбаетың ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр.
 
Сот-медициналық сараптама қызметкері Тахир Халимназаров сотта Салтанат Нүкенованың қандай жарақат алғанын манекенге бейнелеп тұрып көрсетті. Оның сөзінше, марқұмның бетіне, бас сүйегіне 12-13 соққы тиген, деп хабарлайды janabastau.kz, Тіл кеспек жоқ басылымына сілтеме жасап. 
Сарапшы мұндай жарақатты адам өздігінен алуы мүмкін емес екенін айтты. тіпті кейбір жарақаттардың Салтанат Нүкенова жан тапсырғаннан кейін жасалған болуы мүмкін екенін де жоққа шығармады.
Сондай-ақ марқұмның мойынында қылқындыру белгілері байқалған. Бұған дейін Бишімбаев Салтанат Нүкенованы мойнынан қысқанын жоққа шығарған еді. Ол жарақат іздері марқұм еденге құлаған кезде пайда болуы мүмкін деген.
 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *