Атырауда баскетбол алаңында 13 жасар бала көз жұмды
Жаңалықтар
39
Фотосурет: pexels.com
Атыраудағы спорт кешендерінің біріндегі баскетбол алаңында 13 жасар бала көз жұмды. Қайғылы оқиға 8 қаңтарда болған, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасаған JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Басылымның Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап жазуынша, жасөспірім жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған.
Спорт кешенінің мейірбикесі реанимациялық шаралар жасаған, алайда 103 бригадасы келгенде жасөспірімнің көз жұмғаны белгілі болған.
Басылымның мәліметінше, жасөспірімде жүрек жеткіліксіздігі болған, бірақ ол есепте тұрмаған.
Пікірлер (0)