Қазақстанның 126 медициналық ұйымында госпитальдық фармация бөлімшелері енгізілді: экономикалық тиімділік шамамен 1 млрд теңге
Фотосурет: gov.kz
Қазақстанда дәрілік қамтамасыз етудің тиімділігін арттырудың маңызды құралы ретінде клиникалық фармакология және госпитальдық фармация бөлімшелерін кезең-кезеңімен енгізу жалғасуда, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2023-2024 жылдары 19 медициналық ұйым жұмысының қорытындысы бойынша клиникалық фармакология және госпитальдық фармация бөлімшелері қызметінің экономикалық тиімділігі емдеу схемаларын оңтайландыру, полипрагмазияны төмендету және дербестендірілген фармакотерапияны енгізудің есебінен шамамен 1 млрд теңгені құрады.
2025 жылы госпитальдық фармацияның 49 жаңа бөлімшесі ашылды. Бұрын жұмыс істеп тұрған бөлімшелерді ескере отырып, олардың жалпы саны республика бойынша 126-ға жетті.
Бөлімшелердің жұмысы:
- дәрілік заттардың дербестендірілген есебін енгізуге; - фармакотерапияның сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға;
- шығындарды оңтайландыруға;
- терапияның тиімділігін бақылаудың бірыңғай жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Пікірлер (0)