Атырауда жас қызды өлтірген жас жігіттер өмір бойына сотталып кетті

Жаңалықтар
view 159
news

Фото: Аzh.kz

Атырауда 23 жастағы Яна Легкодимованы өлтірген қылмыскерлерге қатысты сот үкімі шықты. Олар өмір бойына бас бостандықтарынан айырылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Басқа ер адамдармен кездесіп жүргенін білдім»: Атыраудағы жас қыздың өліміне қатысты тың дерек шықты

«Тұншықтыр, мойнын сындыр!»: Атырауда жас қыздың өліміне күдіктілер өзара хат жазысқан

Сот 24 жастағы Ризуан Хайржанов пен 25 жастағы Алтынбек Катимовты аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 7-тармағы бойынша (“Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған кісі өлтіру”), Қылмыстық кодекстің 202-бабы 2-бөлігінің 6-тармағы бойынша (“Алдын ала сөз байласқан адамдар тобының бөтеннің мүлкін қасақана жоюы”) кінәлі деп танылды.

Сотталушыларға тағылған айыптардың жиынтығы бойынша сот олардың әрқайсысына ерекше қауіпсіздік режиміндегі мекемеде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Бұған дейін прокурор екі айыпталушының да ерекше қауіпсіздік режиміндегі мекемеде жазасын өтеп, өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Бұл жазамен Янаның анасы мен оның өкілі келісті.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: «23 жасына дейін пәк болды»: Бойжеткенді өлтіргендердің соты қалай өтіп жатыр

Қылмыскерлер тағылған айыптарды мойындағанына қарамастан, соңғы сөзінде Ризуан Хайржанов соттан өзінің “әлі жас екенін және өмірдің рахатын көргісі келетінін” ескеруді сұрады.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Ажар Әбділдің айтуынша, Ризуан Хайржановтың әкесі соттан баласын ақтап шығуды сұраған. Ол іс бойынша негізгі айғақтардың бірі хат алмасуды “екі жас жігіттің арасындағы әзіл-қалжың әңгіме” деп атаған.

Бұған дейін Ақмола облысында ер адам 14 жастағы қызды пышақтап өлтіргенін жазған едік.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *