«Аватардың» үшінші шығарылымы 1 млрд доллар касса жинауға жақындап қалды
Фотосурет: YouTube.com
«Аватар: От пен күл» фильмі әлемнің көптеген еліндегі кинотеатрларда әлі көрсетіліп жатыр. Картинаның кассалық табысы қазірдің өзінде 750 миллион доллардан асты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Tengri Life-қа сілтеме жасап.
Прокаттың осы кезеңіндегі табыс қарқыны бойынша фильм алдыңғы бөлімнен сәл төмен нәтиже көрсеткенмен, «От пен күл» бәрібір өте әсерлі көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр. Жексенбі күнгі жағдай бойынша (28 желтоқсан – ред.), фильмнің әлемдік кассалық табысы 760,4 миллион долларға жетті. Оның ішінде 217,7 миллион доллар – АҚШ нарығына, ал 542,7 миллион доллар – халықаралық прокатқа тиесілі, – деп жазды басылым.
Медиа дерегінше, фильмнің жалпы табысы қаңтардың алғашқы демалыс күндерінің соңына қарай 1 миллиард доллардан асады деп күтіліп отыр.
Айта кетсек, «Аватар: От пен күл» – Джеймс Кэмеронның «Аватар» франшизасындағы үшінші фильмі. Ұзақтығы – 197 минут. Картинада Сэм Уортингтон, Зои Салдана, Сигурни Уивер, Стивен Лэнг, Уна Чаплин, Кейт Уинслет, Клифф Кёртис және басқа да актерлер ойнаған.
Пікірлер (0)