Автобуста шетелдіктерді ұрғандарға қылмыстық іс қозғалды (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 130
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Алматыда қоғамдық көлік ішінде тұрған шетел азаматтарына бір топ жігіт күш қолданды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желіге тараған бұл оқиға бойынша полиция тарапынан жедел түрде тексеру және іздестіру шаралары басталған.

Анықталғандай, аталған оқиға 18 желтоқсанда болған. Бұл дерек бойынша полиция органдарына ресми арыз-шағым немесе хабарлама түспеген. Қоғамдық көлік жүргізушісі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында дер кезінде шара қолданып, тәртіп бұзушыны автобустан түсірген, – делінген ПД хабарламасында.

Сонымен қатар аталған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр. Күдіктіні анықтау және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілген. Автобуста болған шетел азаматының және өзге де адамдардың жеке басы анықталып жатыр.

Полиция қоғамдық тәртіпті өрескел бұзатын, қоғамға ашық түрде құрметсіздік танытатын, жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларына қайшы келетін дөрекі әрі арсыз әрекеттер үшін заңнамада әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілік көзделгенін еске салады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *