Автожолдарда орташа жылдамдықты бақылауды кеңейту жоспарланып отыр

Жаңалықтар
view 34
news

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Қазақстанда жол-қозғалысы ережесін бұзуды автоматты түрде анықтайтын бақылау жүйелерінің желісі кеңейіп келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, қалаларда автоматты түрде бақылау жасайтын 25 мыңнан аса камера орнатылған. Олар ЖҚЕ-ні бұзу деректерінің 70%-дан астамын тіркейді. Қала сыртындағы тасжолдарда патрульдік жасайтын автокөліктер автоматты тіркеу кешендерімен жабдықталып жатыр. 

Сонымен қатар, Көлік министрлігімен бірлесіп республикалық маңызы бар жолдарда орташа жылдамдықтың сақталуына автоматты түрде бақылау енгізу жөніндегі іс-шараларды іске асырып жатымыз, - деді Игорь Лепеха.

Орташа жылдамдықты бақылау шараларымен жалпы ұзындығы 1,9 мың шақырым болатын 8 автомобиль жолы қамтылған. Нәтижесінде ЖКО-да қаза тапқандар саны 11% азайды. Жалпы ұзындығы 1 мың шақырымнан асатын тағы 10 учаскеге орташа жылдамдықты бақылау енгізу жоспарланып отыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *