Айдостың алғысы
Қосшы жаңалықтары
91
Газетіміздің өткен санында (№22) 2020 жылы денсаулығына байланысты Қосшы қаласына қоныс аударған Айдос Садуақасов жайлы мақала жарық көрген болатын. Естеріңізге сала кетсек, денсаулығына қарамастан ел қатарлы еңбек етіп жүрген Айдос созылмалы бүйрек жетіспеушілігі дертіне шалдыққаны айтылған.
ның екі бүйрегінің жұмысы қатар бұзылған. Сол себепті аптасына 3 рет 4 сағаттан гемодиализ орталығына барады. Осыған орай Айдос Садуақасов аталмыш орталыққа, сондай-ақ қашанда қасынан табылып жүрген қамқор жандарға ерекше алғысын білдіргісі келетінін айтып, редакциямызға хабарласты. – Әуелі ем алып жүрген орталық мамандарына алғыс айтқым келеді. B.B.NURA гемодиализ орталығы – екінші үйіміз сияқты. Бәріміз бірге жүреміз. Аптасына үш рет барамыз. Бұл орталық пен мамандар болмаса, мен сияқты адамдарға өмір сүру қиын. Біздің өмір сүріп жүргеніміз – солардың арқасы десем, артық айтқаным емес. Әсіресе, осы медбикелерге мұқтажбыз. Сондықтан ақ халатты абзал жандарға рақмет айтқым келеді. Бізді қолдарынан келгенше емдеп, келесі келгенше денсаулығымызды жақсартып, организмімізді тазартып жібереді. Бұл орталық екінші жанұямдай болып кетті. Содан Қосшы қаласы әкімінің мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніңдегі кеңесшісі Эльмира Мақсұтбекқызына алғыс айтамын. Қолынан келгенше көмегін аямай, жүгіріп жатыр. Сондай-ақ Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қабдоллаұлына ерекше ризалығымды білдіремін. Мені жеке мәселем бойынша әркез қабылдап, көмегін аямады. Жұмыспен қамту орталығының маманы Айгерім Мұратқызына да алғысым зор. Әлеуметтік бөлім маған жыл сайын мемлекеттік бағдарлама шеңберінде тегін жолдама береді. 14 күн бойы жақсы демалып, емделіп келеміз. Бәрі де әкімдік қызметкерлерінің арқасы! Мереке кезінде материалдық тұрғыда, азық-түлік себетімен көмектеседі. Мен секілді жұмыс істемейтін адамдар үшін бұл – үлкен көмек! «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, маған осы күнге дейін қол ұшын созып жүрген барша жанға және халқыма алғыс айтамын. Автокөлік жолдары бөліміндегі азаматтарға автотұраққа жол белгісін қойып беріңіздерші деп өтінгенмін. Ондағы бас маман Нұрбек Ахмедин менің өтінішімді бірден қабылдап, үш күннің ішінде жеке орын орнатқызып берді. Сөз соңында, Қосшы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеметтік мекемесіне және Қосшы қаласының «көзі һәм құлағы» болған «Jańa bastau» газетінің ұжымына алғыс айтамын.
Жазып алған Нұрән ӘДІЛЕТ
Оқи отырыңыз
Қосшы жаңалықтары
Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы қаласының даму жоспарымен танысты
Қосшы жаңалықтары
Қала руханияты қалай дамып жатыр?
Қосшы жаңалықтары
Серіктестік сапалы жол салып, сенімді ақтап жүр
Пікірлер (0)