Азаматтар кез келген нормаға қарсы болса, Конституциялық Сотқа жүгінетін болады – Сенат төрағасы

Сұхбат
view 149
news

ҚР Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев ҚР Президент телерадио кешеніне берген сұхбатында 5 маусымда өтетін референдумға шығарылған Конституциялық Сот туралы нормалардың маңызына тоқталды. Сенаттың жұмысын қалай жандандыратынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Конституциялық реформаның аясында мемлекет пен қоғамның арасындағы қарым-қатынастың жаңа кезеңі ашылып жатыр деп айтсақ артық болмайды. Мысалы, нақты нормаларды айтайық. Бүгінде азаматтар мемлекеттік органдардың бұйрықтарына немесе заң нормаларына, мемлекеттің нақты бір шешімдеріне наразы болса, ол нормалар мүддемізге қайшы келеді деген пікір туындап жатса, жалпы өтініштер сияқты сотқа беру керек. Яғни, процедурасы ұзақ. Қазір осы реформалардың аясында Конституциялық Сот құрылып жатыр», - деді Сенат төрағасы. Сенат спикерінің айтуынша, жалпы ұсынылып отырған конституциялық реформа халық пен билік арасындағы қарым-қатынастың жаңа форматына жол ашпақ. «Конституциялық Соттың негізгі функциясы азаматтардың билік өкілдерінің шешімдеріне наразылығына сот ретінде бағасын беру, шешім қабылдау. Осындай басқа да көптеген нормалар бар», - деді Мәулен Әшімбаев. Айта кетейік, бүгін «Евразия» арнасында сағат 10:00-де, «Хабар» - 12:45-те, «Qazaqstan» - 16:05-те, «Qazaq TV» - 20:15-те, «Алматы»- 20:35-те референдум туралы деректі фильм көрсетіліп жатыр. https://www.inform.kz/kz/azamattar-kez-kelgen-normaga-karsy-bolsa-konstituciyalyk-sotka-zhuginetin-bolady-senat-toragasy_a3938730

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *