«Баку Ресейдің кінәсін мойындағанын күтіп отыр» — Reuters
фото ашық дереккөзден
Ақтаудағы Azerbaijan Airlines ұшағының апатына Ресейдің зениттік зымыраны себеп болған, деп хабарлайды janabastau.kz.
Reuters басылымы Әзірбайжандағы тергеумен таныс 4 дереккөзге сілтеме жасап, ұшақты ресейлік «Панцирь-С» әуе қорғаныс жүйесі атып түсіргенін хабарлады.
Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс зымыраны Бакуден ұшқан ұшақтың үстінде жарылып кеткен. Ал Ресейдегі жауапты мамандар бұл туралы уақытында хабарлай алмаған. Әрі 25 желтоқсан күні Мәскеу украиналық дрондардың соққыларына қарсы әуе қорғанысы жүйесін бірнеше рет қолданғаны белгілі болды.
Бұған дейін Қазақстанда апатқа ұшыраған ұшақты ресейлік әуе қорғанысы жүйесі атып түсіргені туралы Reuters-тен өзге Euronews хабарлаған болатын.
Қазақстанның вице-министрі Қанат Бозымбаев 26 желтоқсандағы брифингте апаттың қандай да бір нұсқасын жоққа шығара алмайтынын мәлімдеді.
Пікірлер (0)