"Сот Алмасбек Садырбайды сот процесіне қатыстырмай жатыр" – адвокат
Фото видеодан алынған кадр
"Шаңырақ" қоғамдық бірлестігінің басшысы Алмасбек Садырбайдың адвокаты Анара Кусаинова Жоғары сот төрағасына арызданып, видео үндеу жариялады, деп хабарлайды janabastau Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
“Бұл мәселе қашан шешіледі? Қонаев қаласындағы тергеу сотында техникалық мәселелер неге шешімін таппай жатыр. Олар ҚР ҚПК талаптарын қашан орындауды қолға алады?”, деген Кусаинова бұл істе ҚПК нормаларының өрескел бұзылып отрғанын жеткізді.
Алматы облысы прокуратурасының санкциялық материалы адвокатқа 25 қаңтар күні ғана жеткізілген екен. Ал ҚПК бойынша соттың талап-арызды қарауға үш күн уақыты бар.
“Яғни 25 желтоқсан күні 12.00-ге тағайындалған сот отырысын офисі Астана қаласында орналасқан Шығыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының мүшелеріне 24 желтоқсан күні түнгі 23.00-де хабарлау және Қонаев қаласында әуежайдың болмауын ескерсек, бұны біздің күдікті Алмасбек Садырбайды қорғау құқығымыздың өрескел бұзылуы деп есептейміз, дейді адвокат Кусаинова.
Осылайша, ҚР Қылмыстық процестік кодексінің нормалары бұзылып отырғанын ескерткен қорғаушы Жоғары соты төрағасынан осы мәселе бойынша шара қолдануын сұрап отыр.
Пікірлер (0)