Бакуден Грозныйға бет алған ұшақ Осетияға не үшін барған
Фото ҚазТАГ

Әзербайжан ұшағы Қазақстандағы Ақтау маңында құламас бұрын Солтүстік Осетияның Ардон қаласының үстінен айналып өткен, деп хабарлайды janabastau.kz ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.
ҚазТАГ дереккөзі Flightradar24 сайтындағы Әзербайжан әуе жолдары (AZAL) J28243 жолаушылар ұшағының Ақтау маңында апатқа ұшырағанға дейінгі бағыты туралы мәліметтерді зерттеп, Бакуден Шешенстандағы Грозный қаласына бет алған ұшақ Ардон қаласын неліктен айналып өткеніне таңданыс білдірді.
Ұшақ Солтүстік Осетияда не істеп жүр
«Flightradar24 картасында ұшақ Махачкала аймағында жоғалып кетеді, содан кейін 12 минуттан кейін Солтүстік Осетияның Ардон қаласының маңында пайда болып, оның үстінде шеңбер жасап, жоғалып кетеді, ал бір жарым сағаттан кейін Ақтау маңындағы Каспий теңізінің үстінде пайда болады. Басты сұрақ: ол мұнда не істеп жүр еді? Бұл жер Осетия ғой. Содан кейін бір жарым сағат бойы жоғалып кеткен ол Ақтау аумағында пайда болды», - деп жазды ҚазТАГ дереккөзі.
Пікірлер (0)