Балқаш тартылуы мүмкін – эколог
Редакция таңдауы
560
Қазақстанда 85 мыңға жуық өзен, 48 мың көл бар. Елдің 539 миллиард текше метр тұщы су қорының 101 миллиард текше метрі – табиғи өзендер. Ең үлкен өзен Ертіс пен Тобылдың, ең ірі көл Балқаштың жағдайы мәз емес. Аралды айтпасам да болар.
Сұмырай келмей-ақ, су құрып жатыр. Өзендердің 19 пайызы – Қытайдан, қалғаны Ресей, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан елдерінен бастау алады. Тұшы судың 45 пайызын өзге елдердің өзендері құрайды. Ал, бізде су саясаты бойынша дипломатиялық келіссөз жүргізетін маман жоқ. Сол себепті трансшекаралық өзен мәселесі шешілмей, көрші мемлекеттер суды нысапсыз пайдалануда. Осы жылғы дерек бойынша, 172 құрылым су саясатымен айналысады екен. Бюджеттен ақша бөлініп отырса да, су басқарудың сапалы құрылымы жоқ. Өзен-көлдер тартылмай қайтсін?...
Еліміздің ең ірі көлінің бірі Балқашта соңғы 15 жыл көлемінде кешенді зерттеу жұмысы жүргізілмеген. 2012 жылғы дерек бойынша Балқаш көлінің су көлемі теңіз деңгейінен 342,8 метрге төмендеген. Экологтардың дерегінше, өткен 50 жыл ішінде Балқаштың көлемі едәуір қысқарған. Көлдің тартылуы қарапайым адамның өзіне көріне бастады.
«Балқаш жақын арада құрдымға кетеді. Себебі, қазір көлдің орташа тереңдігі 6 метр ғана. Бұл біздің мұздықтарға өте үлкен қауіп тудырады. Балқаштағы тұздар жел арқылы тауларға жетсе, мұздықтар көлемін арттырады. Қазақстан алдағы 10 жылдықта тұщы сусыз қалады. Бұл өте өзекті мәселе», – дейді «Табиғат» экологиялық одағы төрағасының орынбасары Тимур Елеусізов.
Іле өзені – Балқаштың негізгі қайнар көзі. Балқашқа Іле өзенінің 80% суы құяды. Іле маңына130-ға жуық гидроқұрылыс жүргізіліп, 13 су қоймасы салынды және Іле суының басым бөлігі Қапшағай су қоймасын толтыру үшін пайдаланылып жатыр. Балқашқа құйылатын су көлемін азайтқан мәселелер – осылар. Ең үлкен қауіп Қыдайдан болып тұр. Іле Қытайдан келіп ағады. Қытай мемелекеті Іле суын шектен тыс қолдануда. Балқашты құртатын негізгі күш – адам іс-әрекеті. Егер Балқаш құрғаса, Алматы сусыз қалады. Егер жаһандық жылыну картасын қарайтын болсақ, Қазақстан климаттың өзгеруі бойынша көш бастап тұр.
Ал Балқаш құрғаса жағдай ауырлай түседі. Экожүйе бұзылып, табиғатқа, адамдар өміріне үлкен өзгеріс енеді. Балқаштың жойылуы экологиялық апатқа әкеледі. Өңір шөлге айналып, жаппай миграция басталады. Балқаш жойылса Қазақстан ғана емес, бүкіл Еуразия аймағы зардап шегеді. Қазірдің өзінде Балқаш тұрғындары тіс аурулары мен онкологиялық аурулардан зардап шегіп отыр. Балқашты сақтап қалу үшін, бірінші, ауқымды зерттеу жұмыстарын жүргізу керек. Ғылыми қауымдастық құрып, нақты мәселелерді анықтап, жұмыс жасау керек. Бұл тек Қазақстанның мәселесі емес, көрші мемлекеттерге де қатысты. Екіншіден, Балқаштың маңайын көгалдандыру керек. Бұл,атмосферадағы ылғалдың булануын азайтады. Ең бастысы, суды мақсатты түрде пайдалану қажет. Суды пайдалануда жаңа техникаларға көшу керек. 2020 жылы Қытай шекарасы арқылы өтіп жатқан судың жылдық мөлшері 81,6 текше шақырым. Ал 2030 жылы бұл көрсеткіш 72,4 текше шақырымға дейін кемуі мүмкін. Яғни, Қытай су пайдалануда біздің ақымызға кіріп отыр. Демек, Балқаштың экологиялық мәселесі – саяси мәселеге айналуы мүмкін. Егер Қытай тағы да қайтарымсыз 4 текше метр су алса, екінші Арал пайда болды дей беріңіз.
«Бұл жерде тек Қытай кінәлі емес. Біздің де кінәміз бар. Суды мақсатсыз пайдаланып, ережеге бағынбай жатырмыз» – дейді Тимур Елеусізов.
Ең қынжылтатыны Қазақстан мен Қытай арасында су бөлу жөніндегі үкіметаралық келісімнің жоқтығы. Егер біз Балқаштан айырылсақ, оны қайтара алмаймыз ба деген сұрақ мазалайды.
Елігімай ХАНГЕЛДІ
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)