Софиевка ауылының атауы өзгертілетін болды
Редакция таңдауы
571
Ақмала облысы Целиноград ауданы Софиевка ауылының тұрғындары 2010 жылдан бері ауылдың атауын өзгерту мәселесін көтеріп келген. Алайда мәселе әлі шешім таппаған. Осыған орай, аталған ауылдың атауын өзгертуге байланысты өткен жиынға Janabastau.kz тілшісі барып қайтқан еді.
Тарихи деректер, архив құжаттар бойынша бұл жердің топонимикалық атауы – Қойайырған болған екен. 1899 жылы Кеңес үкіметінің ықпалымен Софиский участок болып өзгертіліп, «Софинский село» болыпты. Содан бері Софиевка атанып кеткен. Алайда тәуелсіздіктен кейін, идеологиялық тұрғыда ескірген ауылдың атауын тұрғындар өзгерту үшін 12 жыл бойы біраз есіктің табалдырығын тоздырса да онысын шенділер құлағына қыстырмаған.
Бүгін, 18 тамыз Софиевка ауылының Мәдениет үйінде ауыл атын өзгерту мәселесіне қатысты өткен алқалы жиынға белгілі тарихшы Жамбыл Артықбаев арнайы барып, жердің тарихи атауы жайында құнды мағлұматтар берді. Ауыл әкімі қатысқан жиынның бас-аяғы 3 сағатқа созылып, қызу тартыс болды. Мәселен, ауыл тұрғындарының пікірі екіге жарылды. Ауылдың бір бөлігі «Софиевка» атауында қалдыруды қолдаса, екінші бөлігі қазақша атау қоюды талап етті. Алайда басым дауыс өзгерісті қалайтын болып шықты.
Сөйтіп, 12 жыл шешімін күткен түйткілдің нүктесі қойылды. Ауылдың іші-сырты бұлаққа толы, яғни айналасында 10 карьер болғандықтан ауыл атауы – Тасбұлақ болып өзгертілетін болды.
«Жер-су аты – бабалар хаты. Қазақстанда идеологиялық тұрғыда ескірген, өзінің тарихи атауынан айырылған, орысшаланған атаулар әлі де көп. Кішкентай ауылдарды былай қойғанда, үлкен қала, облыс, аудандар да өз кезегін күтіп күр. Бабалар хатын дұрыс оқып, туған мекеніміздің атауын толықтай бірізділікке түсірсек, сонда ғана біз Жаңа Қазақстан болмақпыз. Дәл осы секілді басқа да елдімекен атауларын топонимдерге негіздеп реттеу керек», – дейді қоғам белсендісі Нұржан Игібаев.
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)