Бас ауырып, ұйқы қысады: Жерде әлсіз магниттік дауыл басталды
Фотосурет: temed.ru
Қазір Жердің магнит өрісінің бұзылу деңгейі G1 дәрежесінде тұр. Бұл – бес балдық шкала бойынша ең төменгі көрсеткіш, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін Ресей Ғылым академиясы Ғарыштық зерттеулер институтындағы күн астрономиясы зертханасының жетекшісі Сергей Богачев ағымдағы күн цикліндегі ең ұзақ магниттік дауылдардың бірі енді ғана аяқталғанын хабарлаған еді.
Магниттік дауылдар кезінде адамдардың хал-жағдайы нашарлауы мүмкін. Терапевт және кардиолог Ольга Мининаның айтуынша, мұндай уақытта әлсіздік, ашушаңдық, ұйқышылдық, бас ауруы мен айналуы, жүрек соғысының бұзылуы байқалады.
Дәрігердің кеңесі бойынша, магниттік белсенділік кезеңінде артық жұмыс істемеу, көбірек демалу және күйзелістен аулақ болу – ең дұрыс шешім.
Пікірлер (0)