Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы адалдыққа шақырды

Жаңалықтар
view 101
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мұсылмандарды адал болуға үндеді, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі. 

Маңғыстау облысына сапары барысында ол жаңа ашылған «Шопан ата» мешітінде жұма уағызын айтты.

«Алла Тағала «Бақара» сүресінің 188-аятында: «Араларыңдағы малдарыңды бұзық жолмен жемеңдер. Сондай-ақ біле тұра адамдардың малынан бір бөлім жеу үшін билерге апармаңдар» деп ескертеді. Бұл аят сыбайлас жемқорлыққа тыйым салып тұрғанын көрсетеді. Сондай-ақ Абдулла ибн Омардың жеткізуінше, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) пара беруші мен пара алушыны лағнеттеген. Демек, пара алу, беру және оған дәнекер болу – үлкен күнә», – деді Бас мүфти.

Ол жамағатты адалдық пен әділдікке берік болуға шақырып, мұндай жаман істерден сақтануға үндеді.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *