Жұлдыз Әбдікәрімова қызының есімін жариялады

Жаңалықтар
view 107
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиіне қатысты арнайы жазба жариялады, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі. 

Өнер иесі өткен күзде Түркістанға барып, Рәбия Сұлтан Бегім кесенесіне зиярат жасағанын айтады. Сол сапардан кейін көп ойға қалып, өмір мен болашақ жайлы сұрақтарға жауап іздегенін бөлісті.

"Қызды болатынымды білгенде, оның есімі басқа болуы мүмкін емес дедім. Сәбиге Рәбия Сұлтан есімін қойдық. Қырық күндік рәсімін де салт-дәстүрге сай өткіздік. Еркін, батыл, қайсар қыз болып өссе деген аналық тілегім бар", – деп жазды ол.

Әбдікәрімова перзентіне тілекші болған көпшілікке алғысын айтып, әрбір отбасына сәби сүйюді тіледі.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *