Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді

Жаңалықтар
view 91
news

Сурет: gov.kz

27 қыркүйек күні сағат 22:51-де Қазақстан аумағында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды janabastau.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқарушылардың мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 852 шақырым солтүстік-шығыс бағытта орналасқан. Семей қаласында жер сілкінісінің есептік күші қарқындылық шкаласы бойынша 2 баллды құраған.

Қазіргі уақытта қирау мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Жер сілкінісі кезінде қауіпсіздікті сақтау үшін 10 қарапайым қадам:

  1. Сабыр сақтап, үрейге берілмеңіз;
  2. Дүмпу кезінде лифт пен баспалдақты қолданбаңыз;
  3. Жиһаздан, терезеден және шамнан аулақ болыңыз;
  4. Сенімді паналау орнын табыңыз, жоғарғы қабатта болсаңыз, негізгі қабырға бұрышына тұрыңыз;
  5. Дүмпу тоқтаған соң ғимараттан шығыңыз;
  6. Су, газ және электр қуатын ажыратыңыз;
  7. Алдын ала дайындалған «дабыл сөмкесін» алыңыз;
  8. Электр желілері мен ғимараттардан аулақ болыңыз;
  9. Қайталама дүмпулерге дайын болыңыз;
  10. Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесіңіз.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *