Петропавлда автосалон клиентіне жол апатына түскен көлікті сатқан

Жаңалықтар
view 124
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Петропавлда жаңа көлік сатып алған тұрғын біраз уақыт өтпей-ақ оның жасырын ақауларын анықтаған. Нәтижесінде іс сотқа дейін жетіп, автосалонның заң бұзғаны дәлелденді, деп хабарлайды janabastau.kz  ақпарат агенттігі. 

Облыстық соттың мәліметінше, тұтынушы көлікті алған соң оның алдыңғы оң жақ қанатының түсі басқа бөліктерден өзгеше екенін байқайды. Сараптама нәтижесінде бұл бөлік көлік клиентке берілмей тұрып қайта боялғаны анықталған.

Бірінші сатыдағы сот автосалон тарапынан тұтынушыға алдын ала ескертілмей, сапасыз тауар сатылғанын дәлелдеп, көлік бөлшегін ауыстыру және моральдық шығынды өтеу туралы талапты қанағаттандырған.

Алайда жауапкер сот шешімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірген. Дегенмен сот алқасы бірінші сатыдағы шешімнің заңды әрі дәлелді екенін растап, оны өзгеріссіз қалдырды.

Осылайша, тұтынушының шағымы толық қанағаттандырылып, сот актілері заңды күшіне енді.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *