Гүлнұр Мамасарипова Баян Мақсатқызымен достығы туралы өкінішін айтты

Жаңалықтар
view 114
news

Коллаж: SN.kz

Танымал продюсер, «Келінжан» телехикаясының авторы Гүлнұр Мамасарипова өміріндегі өкінішті сәттердің бірімен бөлісті, деп хабарлайды Janabastau.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, кезінде продюсер Баян Мақсатқызымен жақын дос болғанымен, уақыт өте келе достықты сақтап қала алмаған.

"Өкінетін бір-ақ нәрсе бар – ол достықты сақтап қала алмағанымыз. Қалғанының бәрі орнына келді, жұмыс та табылды, сериалдарымды да түсірдім. Бірақ сондай нәзік дүниені сындырып алдық. Бұл өмірде болып тұратын жағдай шығар. Кей адамдармен ренжісіп қалсаң да, бір күні кездесіп, сөйлесіп кетесің. Ал ең жақын адамдармен уақыт өте араласпай қалдық. Әлі күнге дейін араласқан жоқпыз", – деді Мамасарипова.

Продюсер бұл жағдайды өмірлік өкініштердің бірі ретінде атап өтті.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *