«Реал Мадрид» Алматыда «Қайратқа» қарсы ойынға қатысатын футболшылар тізімін жариялады
Жаңалықтар
155
Сурет: Ашық дереккөзден
Мадридтің «Реалы» Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде алматылық «Қайратқа» қарсы өтетін сырт алаңдағы матчқа қатысатын футболшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі.
Тарихи кездесу 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Бұл матч Қазақстан футбол тарихындағы ең елеулі ойындардың бірі болмақ.
Құрам тізімі:
- Қақпашылар: Тибо Куртуа, Андрей Лунин, Хави Наварро.
- Қорғаушылар: Давид Алаба, Рауль Асенсио, Альваро Каррерас, Фран Гарсия, Дин Хейсен, Давид Хименес.
- Жартылай қорғаушылар: Джуд Беллингем, Эдуарду Камавинга, Федерико Вальверде, Орельен Чуамени, Арда Гюлер, Дани Себальос.
- Шабуылшылар: Винисиус Жуниор, Килиан Мбаппе, Эндрик, Родриго, Гонсало Гарсия, Браим Диас, Франко Мастантуоно.
Сонымен қатар, «Реалдың» Алматыға сапар кестесі белгілі болды. Команда 28 қыркүйек күні жергілікті уақытпен 16:30-да Мадридтегі Адольфо Суарес атындағы Барахас халықаралық әуежайынан ұшып шығады. Шамамен 8 сағат 20 минутқа созылатын әуе сапарынан кейін ұшақ Алматыға түнгі 00:50-де қонады.
Пікірлер (0)