Талғарда тағы бір адам өлімі тіркелді

Жаңалықтар
view 91
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Талғарда қыркүйектің ортасында жоғалған 39 жастағы жігіт өлі табылды. Бұған дейін Lider.kz еріктілерінің Instagram-дағы парақшасында ер адамның жоғалғаны жарияланған болатын, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Станислав Карлов 1986 жылы дүниеге келген. Ол 13 қыркүйекте жоғалған. Таңғы 6 шамасында Талғар қаласының Ломоносов көшесі, 20-үйден шығып кеткен.

Сипаттамасы: бойы 170-175 сантиметр, арық дене бітімді, шашы қара, қысқа сақал-мұрт қойған.

Киген киімі: қара түсті капюшоны бар күрте, қара кепка, қара сөмкесі болған.

Еріктілердің айтуынша, ер адамның денесі Талғарда зорлық-зомбылық белгілерінсіз табылған. Қайтыс болу себебін сараптама анықтайды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *