Ресей Украинаға 12 сағат бойы толассыз соққы жасады

Жаңалықтар
view 112
news

Фотосурет: State Emergency Service of Ukraine in Kyiv/Reuters

Киевте Ресейдің түнгі әуе шабуылынан 4 адам қаза тапты. Оның ішінде 12 жастағы қыз бар. Сондай-ақ оншақты адам жараланды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі euronews.com-ға сілтеме жасап.

Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, бір түн ішінде Ресей 500 дрон және 40 зымыранды, соның ішінде «Кинжалды» да қолданған.

Шабуылдардың негізгі нысаналары – Киев, Запорожье, Хмельницкий, Сумы, Николаев, Чернигов және Одесса өңірлері болды. Киевте кардиология институты, нан зауыты, шина зауыты, тұрғын үйлер және басқа да азаматтық нысандар зақымдалған.

Зеленский Ресейді әдейі бейбіт тұрғындарды нысанаға алып, қорқыныш тудыруға тырысып отыр деп айыптады. Ол одақтастарды Мәскеуге қаржылай қысым жасауға шақырды. Ал Ресей Қорғаныс министрлігі шабуылдарды Украина Қарулы күштерінің мүддесіне пайдаланылатын әскери өнеркәсіп кәсіпорындары мен әуеайлақ инфрақұрылымына бағыттадық деп мәлімдеді.

Сол түні Ресейдің Белгород қаласында да Украина шабуылынан кейін ЖЭО-да апат болып, жарық өшті.

АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің айтуынша, соңғы апталарда Ресей Украинамен және АҚШ президенті Дональд Трамппен үшжақты кездесулерден бас тартқан.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *