Басшылықтан әділетсіздік көрген жас мұғалім Президентке үндеу жолдады (видео)
Сурет: кадрдан алынды
Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы жалпы білім беретін мектепте педагог-асситестент басшылықтан әділетсіздік көргенін айтты. Жас педагог өзінің құқығы бұзылғаны туралы Мемлекет басшысына, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлына бейнеүндеу жариялады. Бұл туралы janabastau.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Бейнеүндеуде педагогтың айтуы бойынша еңбек пәнінен бос лауазымына ақпан айында конкурс жарияланған. Комиссия отырысында қарсы тарап үміткерге 6 балл артық қойылып, өрескел заң бұзушылық анықталған. Нәтижесінде конкурс күші жойылған.
"Екінші рет наурыз айында конкурс өтті. Комиссия шешімі бойынша педагогтердің білім бағалаудан өту туралы сертификатыма қойылуы тиіс 5 балл негізсіз қойылмады. Бұл сертификат 2 жылға жарамды. Осының салдарынан стресске түсіп, денсаулығым сыр берді. Үшінші рет сәуір айында өткен конкурста да менің сертификатымды заңсыз жарамсыз деп, орнымнан құлатты ", дейді Тұрар Бақыт Манатқызы.
Пікірлер (0)