«Батыс терроризмді қолдап отыр»: Ердоғанның даулы мәлімдемелері

Редакция таңдауы
view 246
news

Түркия президенті Ердоған TRT арнасында астық бағасы, инфляция, Сирия операциясы және күн тәртібіндегі басқа да мәселелер жайлы мәлімдеме жасады. Ел экономикасы әлсіреп, пандемия қайта өршіген тұста саясаты да өліарада тұрған түрік президентінің сұхбатынан қысқаша шолу ұсынамыз. 

«Қара теңіздегі үміт» 

Өткен аптада Стамбулда Украинадан астық және өзге де азық-түлік түрлерін Қара теңіздегі украин порттары арқылы тасымалдау туралы келісімге қол қойылған болатын. Құжатқа сәйкес, Қара теңіздегі үш украин порты: Одесса, Черноморск және Оңтүстік порттарына жол ашылуы тиіс. Ресей 24 ақпаннан бері порттар жолын жауып тастаған еді. Украин астығы мен өзге де ауыл шаруашылық өнімдері экспортының тоқтауы әлемде азық-түліктің қымбаттауына әсер еткен. Осы мәселе жайлы сөз қозғаған Ердоған: «Біз бірнеше келіссөздерге қол жеткіздік. Енді әлемдік азық-түлік дағдарысының салдары азая бастайды. Осындай тарихи табысқа қосқан үлесіміз Түркияның жаһандық саясаттағы рөлін тағы бір рет айқындады. Украинаға және Украинадан келетін кемелерді өз бақылауымызда ұстаймыз. Ендігі бағытымыз атысты тоқтату, Украина бейбітшілігіне қол жеткізу».

«Еуропа терроризмді қолдап отыр» 

Бәрінен бұрын Фетоға қолдау көрсетілмейтіндігін, лаңкестікке жол бермейтінімізді баса айтқым келеді. Мұны НАТО-ға да ескерту арқылы саяси шекарадағы «қызыл сызықты» айқындадық. Швеция мен Финляндия Анкара террор ұйым деп санайтын Күрдістан жұмысшы партиясы мен өзге де ұйымдарға қолдау көрсетпеуге міндетті. Бұл мәселе біздің Сыртқы істер министрлігі мен тиісті мекемелердің назарында. Бірақ қазір тек Финляндия, Швеция ғана емес, Германия, Франция, Англия, Италия, барлық Скандинавия елдері терроризмді қолдап отыр. Өкініштісі де осы. Соңғы жылдары Иранмен 8 құжатқа қол қойдық. Қазір олардың құны 7,5 миллиард долларды құрайды. Түркия-Иран байланысы айтарлықтай жоғары деңгейде емес. Сауда көлемін қайтадан 30 миллиард долларға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бір жыл ішінде БАӘ және Сауд Арабиясымен дипломатиялық жаңа дәуірді бастадық. БАӘ-мен бірлескен технология нысаны құрылды. Сауд Арабиясы билігі де түрік кәсіпкерлерінің мәселелерін шешуге күш салып отыр. Бұл – қуантарлық жағдай.

«Байденмен байланысымыз оңтайлы»

Америка президентімен кездесулерді жақсы және тұрақты деп бағалай аламын. Бірақ АҚШ та терроризмге қолдау көрсетіп отыр. Өздері дайындап, оқытып жатқан террор ұйымдарын ДАИШ-пен күресте серіктес ретінде көреді. Олар Түркияның ДАИШ-пен соғысқан жалғыз НАТО мемлекеті екенін ескермейді. Террористік ұйымға зиян келтіру мақсатында басқа лаңкестік ұйыммен сауда жасауға рұқсат жоқ. Бұл мәселені қыркүйекте жоспарланған ресми кездесуде Байденмен талқылау ойымда бар.

«Украинадағы соғыс инфляцияны арттырды» 

Эпидемиялық процесс ретінде Украинадағы соғыс энергия мен шикізат бағасының тарихтағы ең жоғары деңгейге жетуіне ықпал еиіп, жаһандық аренадағы инфляциялық ортаны туындатты. Бұл тек Түркияға ғана емес басқа елдерге де әсер етті. Әрине, біз өмір құлдыраудың алдын алу үшін барлық қажетті қадамдарды жасаймыз. Жылдық инфляцияның төмендеуі келесі жылдың ақпан-наурыз кезеңінде байқалатын болады. Қазір Түркия Путин-Зеленский байланысында өте маңызды рөлге ие. Біз ешкімге жау ретінде қарамаймыз, бейбітшілік бәрінен де маңызды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *