Зеленский «басқыншылыққа қарсы батылдығы үшін» Черчилль сыйлығымен марапатталды

Редакция таңдауы
view 181
news

Украина президенті Владимир Зеленскийге Британ үкіметі Черчилль сыйлығын табыстады. Аталған сыйлық «бойында Уинстон Черчиллге тән көшбасшылық қасиеттері бар қайсар тұлғаларға» беріледі. https://twitter.com/BorisJohnson/status/1551989966636519425?s=20&t=5OFgAm6rCrRGv9fh2ZDniA Даунинг-стритте өткен салтанатты шарада Украина президентіне сыйлықты Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон табыс етті. Зеленскийге аталған марапат «Путиннің басқыншылығына қарсы батылдығы және абыройы үшін» берілген. Шараға видеобайланыс арқылы қатысқан Зеленский «Егер тұтас украин халқы өз азаттығы жолында тиранияға қарсы шықпағанда, бұл марапатқа қол жеткізбес едік» деді. Бұған дейін Уинстон Черчилль марапатына Уэльс ханзадасы Чарльз, Ұлыбритания премьер-министрлері Маргарет Тэтчер мен Джон Мэйджор, АҚШ мемлекеттік хатшылары Мадлен Олбрайт пен Джеймс Бейкер ие болған. Ресейдің агрессиялық саясатын қатаң айыптайтын АҚШ наурызда Зеленскийге Рональд Рейганның «Бостандық» медалін табыстаған болатын. Тарихта небәрі 10 адамға табысталған медаль иелерінің қатарында Лех Валенса, Михаил Горбачев, Колин Павел, Маргарет Тэтчер, Джордж Буш, Ицхак Рабин, Натан Шаранский бар.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *