Бельгияда TRUMP атты саяси партия құрылды
Фото: facebook.com/ResistanceSwebmedia
Бельгияда АҚШ Президенті Дональд Трамптың құрметіне TRUMP атты оңшыл саяси партия құрылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ТАСС жазды.
Партияның атауының аббревиатурасы француз тілінде Tous Réunis pour l'Union des Mouvements Populistes деп жазылады және қазақ тіліне аударғанда «Популистік қозғалыстар одағы үшін біріккендер» деген мағынаны білдіреді.
Партияның негізін қалаушы Сальваторе Никотра Трампты «популизмнің абсолютті символы» деп атап, «ол біздің көзқарасымыз бен ұстанымдарымызды толық бейнелейді» дейді. Сондай-ақ ол TRUMP – «әлеуметтік бағыттағы оңшыл-популистік партия» деп атап өтті.
Сальваторе Никотра партия Бельгиядағы федералдық деңгейдегі сайлауларға, 2029 жылғы Еуропарламент сайлауына қатысуды жоспарлап отырғанын айтты.
Пікірлер (0)