«Олқылық деп санаймын»: Бектенов бірқатар өңірдің әкімдерін сынады

Жаңалықтар
view 98
news

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов теміржол вокзалдарын жаңғырту және күрделі жөндеу мәселесін көтеріп, бірқатар өңір әкімін сынға алды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Тапсырмаға әкімдер тікелей жауапты

Оның айтуынша, бірнеше облыста вокзалдарды жаңғырту жұмыстары тым созылып кеткен. Ал бұл – әкімдіктердің олқылығы.

Үкімет осы міндет уақытылы орындалуы үшін қажет шаралардың барлығын қабылдады. Алайда кейбір әкімдіктер құрылыс барысына бақылауды босаңсытып алғанын көріп отырмыз. Ақмола, Жетісу, Ақтөбе, Абай және Ұлытау облыстарында мерзімі кешігуі мүмкін. Маңғыстау облысында бір вокзалдағы жұмыс кестеден кешігіп жатыр. Алматы қаласында "Алматы-1" вокзалын жаңғырту жұмыстары тым созылып кетті. Мұны әкімдіктер жұмысындағы олқылық деп санаймын. Құрылыс жұмыстарының барлығы сапа талаптарын сақтай отырып, белгіленген мерзімде аяқталуға тиіс. Тапсырманың орындалуына жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары тікелей жауапты болады, - деді Олжас Бектенов.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *