Белгілі блогер күйеуінің 10-11 жастағы қыздармен көңіл жарастырып жүргенін айтты
Сурет: azattyq-ruhy.kz
Танымал блогер Құлпынай Калменова желіде күйеуімен ажырасуына кішкентай қыздармен көңіл жарастырып, педофилизмге бой алдырғаны себеп болғанын айтты, деп хабарлайды janabastau.kz azattyq-ruhy.kz сайтына сілтеме жасап.
Блогер өз сөзінде барбершопта шаш алатын күйеуі – Қолғанаттың телефонынан кішкентай қыздармен жазысқан хаттарын, бірге түскен фотоларын жариялады.
«Өлердей жеркенемін. Мынандай адаммен 5 жыл бірге тұрыпты ғой деген ойдың өзі өлтіріп барады. Егер ол үлкен әйел болса, жеңіл жүрісті біреу болса, тоқалы болса, дәл осылай ызыланбайтын едім. Оны жайына жібере салатын едім. Бұл жерде кішкентай қыздар, әлі кәмелеткен де толмаған. Менің байым түнгі 12-де қасымда жатып, кішкентай 10-11 жастағы қыздың жекесіне «сен сондай әдемісің, қарай беремін ғой, өзім ғашық болып қалдым ғой» деп жазған. Біріншіден, ол психологиялық дұрыс адам емес. Екіншіден, бұл – қылмыс. Ал ондай адаммен мен бірге өмір сүрмеймін», - дейді Құлпынай Калменова.
Блогер сөзін жалғай отырып, 10-11 жастағы қыздардың аналарына сол күні-ақ ескерткенін айтты. Алайда кішкентай қыздардың аналары бұл жағдайға жеткілікті деңгейде көңіл бөлмей отырғанын жеткізді.
Пікірлер (0)