Министр «Болашаққа» ілінбеген Темірбаевтың әрекетін хайпқа теңеді
Ulysmedia коллажы
«Болашақ» халықаралық стипендиясына іріктеуге қатысқан Жасұлан Темірбаевтың комиссия мүшелерімен сұхбаты кезінде қозғалған әңгіме бұған дейін қызу талқыланған. Темірбаев сол кезде «сіз орыс тілінде акцентпен сөйлегеніңіз үшін Қазақстанды ұятқа қалдырасыз» деген сөзді естігенін мәлім еткен. Осы мәселеге қатысты ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жауап берді, деп хабарлайды janabastau.kz Ulysmedia.kz -ке сілтеме жасап.
Бұл сұраққа жауап берген Саясат Нұрбек бірінші кейсті Жасұлан Темірбаевтың сөзі “ақиқатқа жатпайды” деп мәлімдеді.
Неге десеңіз, бізде конкурстық процедуралар екі сатымен өтеді. Бірінші сатыда тест тапсырады. Екінші сатыда тәуелсіз сарапшылар комиссиясымен сұхбат жүргізіледі. Бірнеше жылдан бері бүкіл сұхбаттар видеоға жазылады. Біз осы мәселені бірден қолға алдық. Видеоны қарағанда ондай сұрақтар сұралған жоқ. Бүгін видео жарияланады. Неліктен бірден жарияламадық? Сарапшылардан біз рұқсат алуымыз керек еді. Ресми түрде! Себебі олардың да құқығы ескерілуі керек. Жаңа жылдық мейрам болғаннан кейін олар енді шығып, құжаттарын алып, жариялаймыз. Сондықтан, өздеріңіз көресіздер, – дейді ол.
Министр Саясат Нұрбек Жасұлан Темірбаевтың сұхбатын өзі де көргенін айтады.
Өкінішке қарай, біздің қоғамда хайп көп. Мейлінше, комиссия, конкурстық процедуралар басқа жерде де біз максималды түрде цифрлық форматқа және видеожазба ретінде жүргізіп жатырмыз. Ғылым саласында да видеотіркеуге жатады, – дейді ол.
Айта кетейік жақында «Болашақ» бағдарламасына тапсырған Жасұлан Темірбаев атты азамат «орыс тілінде акцентпен сөйлейсің» деп, комиссия мүшелері өзін өткізбей қойғанын мәлімдеді. Оның бұл мәлімдемесі көп резонанс туғызып жатыр.
Пікірлер (0)