Белгілі блогерлер 21 жастағы қызды өлтірген жігіттің туыстары екенін растады
Фотосурет: instagram.com/magzhan_aimakhanv
Белгілі блогерлер Камила Әділхан мен Мағжан Аймахан Instagram желісіндегі парақшасында Шымкенттегі кісі қолынан қаза тапқан 21 жастағы қыздың оқиғасына қатысты пікір білдірді. Олар күдіктінің туысы екенін растады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Шымкентте болған Нұрайға қатысты оқиға бойынша шығып тұрмыз. Ең бірінші Нұрайдың ата анасына, туған-туыстарына шын жүректен қайғырып көңіл айтамыз. Алла тағала жүректеріңізге тыныштық берсін, қазіргі жағдайларыңызды мейрімімен жеңілдетсін! Бұл жағдай кез келген ата-ана үшін орны толмас қайғы. Шын жүректен көңіл айтамыз, - деді блогерлер.
Сондай-ақ олар қылмысқа қатысы бар делінген күдікті өздерінің туысы екенін растады.
Иә, менің әкемнің інісінің баласы. Біздің туысымыз және ешкім баласын қатыгез, зұлым болсын деп қаламайды, ойына кіріп те шықпайды. Сол үшін бұл жағдай өзімізге де өте ауыр тиіп жатыр және ешкім қызының аяқасты біреудің қолынан өліп кеткенін де қаламайды. Екі жақтың да ата-анасына өте ауыр жағдай. Бұл 2 тараптың да қазіргі жағдайын ешкімге, адам баласына тілемейміз. Алла сақтасын осындай жағдайдан. Сот және ондағы жаза бойынша біз де бәрінің әділ өткенін қалаймыз. Бірақ, үлкен өкінішке қарай, қанша жылға сотталып кетсе де, қанша көңіл айтсақ та Нұрайдың орны толмайды. Сол себепті шын жүректен дұға етеміз, жеңілдігін берсін деп және ата-анасына қайғыра көңіл айтамыз. Әулеттің үлкендері де барып, көңіл айтып, құран бағыштап қайтты. Алла тағала Нұрайдың жанын жәннаттық етсін», - деп жазды Мағжан Аймахан.
Сондай-ақ ол інісін ақтап алу ойында жоқ екенін де айта кетті.
Бұл өте зұлымдықпен жасалған қылмыс. Қылмыс жасаған адам әділдікпен жазасын алсын, - деді жазбасында.
Пікірлер (0)