Трамп АҚШ-қа қарсы шыққан сегіз елге қысым жасап жатыр
Фотосурет: myseldon.com
Дональд Трамп Гренландияны АҚШ-тың бақылауына алу бастамасына қарсы шыққаны үшін Еуропаның сегіз еліне 10 пайыздық кедендік баж салығы енгізілетінін мәлімдеді. Жаңа тарифтер 1 ақпаннан бастап Дания, Норвегия, Швеция, Ұлыбритания, Франция, Германия, Нидерланд пен Финляндияға қатысты қолданысқа енеді. Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлады, деп жазды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
АҚШ президентінің айтуынша, 1 ақпаннан бастап аталған елдерден АҚШ-қа экспортталатын тауарларға 10% баж салығы салынады. Ал 1 маусымнан бастап бұл мөлшерлеме 25%-ға дейін өседі.
Біз көп жылдар бойы Данияны, Еуропалық одақ елдері мен өзге де мемлекеттерді ешқандай кедендік алымдарсыз немесе өзге өтемақы талап етпей, субсидиялап келдік. Енді ғасырлар өткен соң Данияның жақсылыққа жақсылықпен жауап беретін уақыты келді. Бұл жерде бүкіл әлемдегі бейбітшілік мәселесі тұр, – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісіне.
Осы орайда ол бұл баж салығы Гренландия бойынша келісім жасалғанға дейін қолданылатынын жеткізді. Сондай-ақ Қытай мен Ресей Гренландияны иемденгісі келетінін мәлімдеді. Айтуынша, Дания бұл мәселеде ештеңе істей алмайды.
Пікірлер (0)