10-15 жылда қазақтілді, орыстілді тарап бір-бірімен қақтығысады - актер

Жаңалықтар
view 443
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер Азамат Сатыбалды елдегі тілдік ахуалға қатысты алаңдаушылық білдіріп, қазіргі үрдістер өзгермесе, алдағы 10-15 жылда қоғам ішінде қауіпті шиеленістер туындауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Қазір еліміздің біраз өңірінде мүлде орысша білмейтін ұрпақ өсіп келеді. Мұны өз көзіммен көрдім. Дәл сол сияқты, қазақша білмейтін өңірлер де бар. Оны да көрдім, – деді Азамат Сатыбалды.

Актердің пікірінше, осы екі түрлі тілдік орта бір-бірімен бетпе-бет келгенде, қақтығысқа алып келуі мүмкін.

Алдағы 10-15 жылдың ішінде осы екі тарап қақтығысуы мүмкін. Қазіргі ұстаным соған апара жатыр, – деп ескертті ол.

Азамат Сатыбалды мұның этникалық қақтығыс емес, бір ұлттың ішіндегі тілдік текетірес болатынын атап өтті. Ол бұл жағдайды екі тілде сөйлейтін бір ұлттың бір-біріне қарсы тұруы деп бағалайды.

Бұл ұлттар қақтығысы емес, екі тілде сөйлейтін бір ұлттың керісуі болады, – деді актер.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *