«Видео жақын арада жарық көреді» - Атыраудағы трагедия туралы тың мәлімдеме
Фотосурет: Aikyn.kz коллажы
Атырау облысында із-түзсіз жоғалған отбасыға қатысты тағы бір мәлімдеме жасалды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Arasha.kz-ке сілтеме жасап.
Өзін «Атыраулық хакер» деп таныстырған желі қолданушысы қолындағы деректерге сүйене отырып, бірқатар өзекті мәселені күн тәртібіне шығарды. Ол бұл мәселелердің жауабын 24 қаңтарда жарияланатын екінші бөлімде тарқатып айтатынын мәлімдеді.
Атап айтқанда, желі қолданушысы мына жайттарға назар аударды:
- Наурыздың ұялы телефоны неге Өзбекстан аумағында қосулы болған және сигналдың нақты қай жерде тіркелгені әлі күнге дейін не себепті жарияланбай отыр?
- Бұл ақпаратты кім және қандай мақсатпен жасырып отыр?
- Араға уақыт салғанына қарамастан, отбасының тағы екі мүшесі неге әлі табылмады?
- Неліктен қоғамға нақты әрі ашық жауаптар берілмей келеді?
Сонымен қатар ол ең резонансты мәселені де көтерді.
- Жоғалған отбасы туралы видео жарияланғаннан кейін неге БАҚ беттерінде «Атыраулық хакер халықаралық іздеуде» деген ақпарат тарады?
- Бұл ақпаратты кім таратты және оның артында қандай мақсат тұр?
Сұрақтар күн өткен сайын көбейіп барады. Ал жауаптар, керісінше, азайып жатыр. Осы мәселелердің барлығын екінші бөлімде айтып беремін. Видео жақын арада жарық көреді, – деді хакер.
Пікірлер (0)