«36 жасымда өмірім тоқтауы мүмкін»: Рамазан Амантайдың денсаулығы сыр беріп жүр

Жаңалықтар
view 141
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Актер Рамазан Амантай әлеуметтік желідегі парақшасында күтпеген мәлімдеме жасап, денсаулығына байланысты шұғыл түрде арықтауға кірісетінін айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Democrat.kz-ке сілтеме жасап.

Айтуынша, дәрігерлік тексерулерден кейін оның қазіргі денсаулық жағдайы қатты алаңдаушылық тудырған.

Егер дәл осы сәттен бастап қолға алмасам, 36 жасымда өмірім тоқтауы мүмкін. Шегінерге жол жоқ. Дәрігерлерге қаралдым, толық тексеруден өттім. Нәтижесін көрген соң, бүгіннен бастап өзімді қолға алмасам болмайтынын түсіндім, деді ол.

Сондай-ақ артық салмақты жинау оңай болғанмен, оны тастау өте қиын екенін жасырмады. Ал жаттықтырушысының айтуынша, Рамазанның қазіргі жағдайы өте алаңдатарлық. Мамандар оның инфаркт немесе инсульт алу қаупі жоғары екенін ескерткен. Денедегі артық май барлық ішкі ағзаларға қысым түсіріп отырғаны айтылды.

Қазір Рамазан Амантайдың салмағы 161 келі. Яғни шамамен 70 келіге жуық артық салмағы бар.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *