Рамзан Қадыров кортежімен «жол апатына түскен» ұлын тағы марапаттады

Жаңалықтар
view 137
news

Фотосурет: Рамзан Қадыровтың Telegram-арнасы

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров ұлы Адам Қадыровтың видеосын жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі SMARTNEWS.KZ-ке сілтеме жасап.

Бұл жазба әлеуметтік желіде «Адам Қадыров ауыр жол апатына түсті» деген ақпараттар тараған тұста шықты. Рамзан Қадыровтың Telegram-арнасында жарияланған мәліметке сәйкес, Адам Қадыров республиканың күштік құрылымдары командирлерімен кеңес өткізген. Жиында алдағы сайлауға дайындық, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экстремизмнің алдын алу мәселелері талқыланған.

Сонымен қатар Рамзан Қадыров ұлына кезекті марапат тапсырылғанын хабарлады. Бұл жолы Адам Қадыров «Атом электр стансаларының қауіпсіздігін арттырудағы еңбегі үшін» алтын медальмен марапатталған. «Бұл награда «Росэнергоатом» концернінің бұйрығымен берілді. Ол Запорожье атом электр стансасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен күзетті ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін тапсырылды, – деп жазды Рамзан Қадыров.

Еске сала кетсек, бұған дейін бірқатар БАҚ Шешенстан басшысының ұлы отырған кортеждің ірі жол-көлік оқиғасына тап болғанын, Адам Қадыровтың ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған болатын. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталмаған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *