«Береке fest»: ел бойынша азық-түлік төмен бағамен сатыла бастады

Жаңалықтар
view 89
news

Фотосурет: автордікі

Сауда және интеграция министрлігі республика бойынша «Береке fest» акциясының басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл  азық-түлік бағасын тұрақтандыруға арналған кешенді шаралардың бірі. Науқан аясында 80-ге жуық ірі сауда орындарында арнайы промо-аймақтар ұйымдастырылып, отандық өндірушілердің өнімдері арзан бағамен сатылып жатыр. Акцияға қатысатын дүкендерге «Береке Fest» деген жазу ілінген, сондықтан жеңілдіктерді табу оңай, - дейді министрлік өкілдері.

Дүкендерді Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің өзі аралап шықты. Бұл ретте жергілікті жеткізушілер мен бизнес-серіктестердің қолдауы бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын төмендетуге мүмкіндік беріп отыр.

 Игі шара барлық өңірді қамтиды және қазан айының соңына дейін жалғасады. Сондай-ақ осы акция аясында сиыр еті де төмен бағамен сатылады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *