Жетісу облысында мектеп асханасындағы самса құрттап кеткен (ВИДЕО)
Фотосурет: видеодан скриншот
Жетісу облысында мектеп асханаларының бірінде оқушылар самса ішінен тірі құрт тауып алған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
27 қыркүйекте Көксу ауданы білім беру бөлімінің басшысы Қуат Құзбаев мектептегі асханадан шыққан самсадан құрт табылған жағдайға қатысты пікір білдірді. Бұл жайт Балпық би ауылында Медеубай Құрманов атындағы №2 мектептің асханасында белгілі болған. Оқушылар әлеуметтік желіге таратқан бейнежазбада самсаның ішінен тірі құрттар көрінеді.
Жағдай ата-аналар мен желі қолданушыларының үлкен алаңдаушылығын тудырды. Кейбіреулер оны Қазақстан мектебіне қатысы жоқ деуге тырысқанмен, аудандық білім бөлімі оқиғаға байланысты шаралар қабылданып жатқанын растады.

Қазір бұл жағдайға байланысты мектеп оқушыларының ата-аналарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Санитарлық бақылау жүргізу үшін білім бөлімі аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына ресми хат жіберді. Тексеру нәтижесіне сәйкес, мектеп асханасын жалға алушыға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шара қолданылады, – деді Қуат Құзбаев.
Сондай-ақ ол тексеріс нәтижесі кейінірек қосымша хабарланатынын еске салды.
Пікірлер (0)