Billie Eilish пен Drake өнер көрсеткен сахна: қазақстандық әнші Yenlik COLORS жобасына қатысады

Жаңалықтар
view 339
news

Фотосурет: instagram.com/ yenleak

Yenlik лақап атымен танымал қазақстандық жас әнші Еңлік Құрарбек халықаралық COLORS музыкалық шоуының жаңа шығарылымына қатысады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Yenlik – аталған танымал жобаға шақырту алған Қазақстаннан шыққан алғашқы орындаушы.

Бұл отандық музыка индустриясы үшін елеулі жетістік саналады. Бұл оның шығармашылығының тек жергілікті деңгейде ғана емес, халықаралық аудиторияда да мойындалғанын көрсетеді. 

COLORS – жас әрі перспективті әртістерді әлемдік сахнаға шығаратын беделді музыкалық платформа. Онда өнер көрсету әртістің халықаралық деңгейде танылуына, жаңа тыңдармандар табуына және түрлі шығармашылық мүмкіндіктерге жол ашуы мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, Yenlik-тің бұл жобаға қатысуы Қазақстанның музыкалық сахнасының дамып келе жатқанының айғағы әрі елден шыққан әртістердің жаһандық нарыққа шығуына серпін беруі ықтимал.

Айта кетсек, бұған дейін COLORS платформасында Billie Eilish, Doja Cat, Jorja Smith, Kali Uchis және Mahalia сынды әлемге танымал әртістер өнер көрсеткен.

COLORS арнасы шамамен 10 жыл бұрын құрылған, бүгінде оның 8,2 миллионнан аса жазылушысы бар.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *