Мал бағып жүрген күйіне қайта түскен: Руслан Өтепбай Құндыз бен Назгүлдің жағдайын тексерді
Фотосурет: әлеуметтік желіден
Журналист Руслан Өтепбай құлдықтан босап, қазір Тараз қаласында тұрып жатқан апалы-сіңлілі Құндыз бен Назгүлді жаңа жыл мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы журналист әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Құндыз бен Назгүлдің жағдайынан хабар алу үшін араға төрт ай салып, Таразға келдім. Қос қарындасымды көріп, жаңа жылдарымен құттықтап, сөйлесіп қайттым. Құндыз бен Назгүл сіздерге сәлем айтып жатыр, – деп жазды Руслан Өтепбай.
Сондай-ақ журналист Қытайдан арнайы алып келген сыйлықтарын табыс еткен. Әсіресе, Құндызға сыйға тартылған микрофон ерекше қуаныш сыйлаған. Ол микрофонмен қонақтарға «Таңғы елес» әнін орындап берген.
Сонымен қатар көпшілік қыздардың қазіргі жағдайына алаңдаушылық білдіріп, бұрынғы қалыптарына қайта түскенін жазып жатыр.
Пікірлер (0)