Шымкентте 21 жастағы қызды өлтірді деген күдікке ілінген ер адам ұсталды

Жаңалықтар
view 26
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Шымкенттің 21 жастағы тұрғынын өлтірді деген күдікке ілінген ер адам ұсталды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іздеуге полиция департаментінің барлық құрамы жұмылдырылған.

Қалаға кіруге және шығуға бақылау күшейтіліп, жергілікті аймақтар тінтілді. Күдікті қаладан шамамен 10 шақырым жерде ашық алаңнан табылып, ұсталды, - деп жазылған хабарламада.

Қазір Шымкенттің 28 жастағы тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұған дейін анықталғандай, күдікті қызбен таныс болған.

Қылмыстың себебі мен мән-жайын тергеу органы анықтайды. Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - дейді полиция өкілдері.

Қазір кешенді жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *