Бір бұғаз – миллиардтар: Иран Ормуздан қанша табыс таппақ?

Жаңалықтар
view 125
news

Фото скрин

Иран парламентінде Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын бақылау, басқару және реттеуден түсетін жылдық табыс 10–15 млрд доллар көлемінде болуы мүмкін екені айтылды. Бұл туралы ирандық депутат мәлімдеген, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі isna телеграм каналына сілтеме жасап.

Парламент өкілінің айтуынша, бұғаздағы ықпалын күшейту Иранның ұлттық валютасы — риалды нығайтуға бағытталуы тиіс. Сонымен бірге, Тегеран өзін бұл аймақта «кедергі келтіруші емес, реттеуші күш» ретінде көрсеткісі келеді.

Ирандық сарапшылардың бағалауынша, егер кемелерден өту үшін төлем енгізілсе, табыс көлемі бұдан да жоғары болуы мүмкін. Мәселен, жыл сайын бұғаз арқылы өтетін шамамен 32 мың кеменің әрқайсысынан 2 млн доллардан алынатын болса, жалпы кіріс 64 млрд долларға дейін жетуі ықтимал.

Айта кетейік, бұған дейін Ормуз бұғазы АҚШ пен Израильдің әскери операциясынан кейін Иран тарапынан жабылған болатын. 8 сәуірге қараған түні Иран мен АҚШ екі аптаға атысты тоқтату туралы келісімге келгенімен, 11 сәуірде Пәкістан аумағында өткен келіссөздер нәтиже бермеген.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *