"Бір көргеннен ғашық болдым": Жігер Ауыпбаев әйелімен ажырасқаннан кейінгі ғашығы туралы айтты

Жаңалықтар
view 584
news

Сурет: instagram.com/jiger_auypbaev_official

Белгілі әнші Жігер Ауыпбаев әйелінен ажырасқаннан кейін бір қызға ғашық болғанын ашық айтты. Ол концертіне келген бейтаныс аруды бір көргеннен сүйіп қалғанын жасырмады. Бұл туралы әнші НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды janabastau.kz. 

Жігер Ауыпбаевтың сөзінше ол өзі ғашық болған аруды ауылдағы концерттердің бірінде жолықтырған. Қонақ болып келген қыз бірден оның көзіне түскен.

"Қиналып жүрген сәттерде сол қыз жолығып, сөйлесе бастадым. Ондай кездерде адамның ішкі жан жүниесінде бірдеңе жетіспей тұрады. Жылы сөздің өзі күш боп тұрады. Жақсы бір жан жолықты. Көп нәрсе бастан өтті. Жақсы сәттердің барлығы өтті. Енді, міне, деп келе жатқан кезде қарсылықтар өте көп болды. Амал жоқ айырылысып кеттік. Бауырлары қарсы болды", - деді ол.

Әншінің айтуынша, ол концерт бойы бар әнін сол қызға қарап айтқан.

"Екеуіміздің танысқан кезіміз желтоқсан айының 13-і болатын. Мен сол ауылға концертпен барғам. Сол кезде ол қыздың ары-бері өтіп жүргенін көрдім. 1,5-2 сағаттық концертімде әндерді сол қызға қарап айттым десем болатын шығар. Бір көргеннен ғашық болдым. Ол қыз байқап отырды. Сахнада кім қалай қарап отырғанын - бәрін көріп тұрасың. Сөйтіп сол концерттен кейін желіден тауып алдым. Сөйтіп сөйлесе бастадым", - деп баяндайды әнші.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *