Бір жігіттің денесі табылды: Алматыда тауда үш адам жоғалып кеткен

Жаңалықтар
view 135
news

Фото: gov.kz

Алматы қаласы ТЖД-ның 112 пультіне әйел адамнан хабарлама келіп түсті. Оның айтуынша, ағасы екі досымен бірге 24 желтоқсан күні таңертең тауға шығып, қайтып оралмаған. Жоғалған азаматтардың ұялы телефондары 12 сағаттан астам уақыт бойы өшірулі болған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Хабарлама түскен бойда ықтимал іздеу аумағына ТЖМ күштері мен құралдары жедел түрде жұмылдырылды.

Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағы көтеріліп, әуеден «Тұйықсу» мұздығы, «Мыңжылқы» сайы және «Локомотив» шыңы маңындағы аумақтар тексерілуде.

«Ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен жүргізілген іздестіру жұмыстары барысында «Локомотив» шыңы маңынан бір адамның мәйіті табылды. ТЖМ әуе кемесі арқылы теңіз деңгейінен 3700 метр биіктіктен түсіріліп, мәйіт полиция қызметкерлеріне тапсырылдыСот-медициналық сараптама тағайындалды. Жеке тұлғаны түпкілікті анықтау барлық қажетті сараптамалар аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Марқұмның туыстарына ТЖД, РОСО психологтары мен ТЖМ медицина қызметкерлері тарапынан қажетті психологиялық көмек көрсетіліп жатыр», - деп хабарлады төтенше жағдай департаменті.

Қалған екі адамның орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Іздестіру жұмыстарына 50-ден астам адам, оның ішінде құтқарушылар мен еріктілер, 7 бірлік техника, 4 ұшқышсыз ұшу аппараты және Алматы қаласы ТЖД, РОСО, Құтқару қызметі мен Апаттар медицинасы орталығының 3 кинологиялық есептобы тартылған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *