"Біреудің кесірінен бәрінен айырылдым": Журналист "Хабар" телеарнасынан кету себебін ашық жазды

Жаңалықтар
view 1111
news

Сурет: әлеуметтік желіден

13 жыл бойы «Хабар» телеарнасында еңбек еткен журналист әлеуметтік желіде жұмыстан кетуінің себебін ашық мәлімдеді, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, өзге қызметкерлердің салғырттығы үшін жауапкершілікті өзі арқалап, арнаның басшылығы тарапынан қысымға ұшыраған.

КЕСІРІНЕН ЖАЙНАГҮЛ, КЕМЕЛБЕКТІҢ, ХАБАРДА ҰЗАҚ ЖҮРІП, ЖЕДЕЛ КЕТТІМ!

"Қош, Хабар!  

Бұл сөзді айту маған әрі ауыр, әрі жеңіл болды. 

Жеңіл дейтінім: мен біреудің жасаған қателігі үшін жұмыстан кеттім.

Ауыр дейтінім: 13 жыл ыстығына күйіп, суығына тоңған, екінші үйімдей болған, жақсылармен табыстырған, адал әріптестен досқа айналған жақсы жандармен таныстырған ыстық ұяны қимастық сезім болды. 

Ия, 13 жыл қызмет атқарған Хабармен қоштастым. (Қарамағымдағы 2 қызметкер өз қызметтік міндеттемесін дұрыс атқармағандықтан мені де жұмыстан босатуға бел буған басшылыққа алғысым шексіз). Әрине, өз еркіммен жұмыстан босатуыңызды сұраймын деп жаздыртып алды. Жаздым. 

Хабар, Мен саған 13 жыл адал қызмет атқардым деп толық сеніммен, кез-келгеннің бетіне тіке қарап тұрып айта аламын. Жастық жігерімді, алып-ұшқан жүрегімді, өмірімнің ең тәтті шақтарын саған арнадым. Жастығымның жартысы сенде өтті. 13 жыл жасаған қызметімді 13 күнде тастап кетуге тура келді! Агенттік төрағасы Кемелбек мырзаның кабинетінінің есігі Отырардың қақпасынан да мықты екен, 8 күн барып кіре алмадым. Уақыты жоқ, бос емес. Өз қызметкерін қабылдай алмайтын басшы сырттағы елді қайтсін… 

     Ал “Хабар” арнасының директоры “дүрия көйлекті” Жайнагүл ханым үшін таяқтың бір ұшы өзіне тимесе болды, қалғаны қырылып қалса да бәрібір. Көп созбақтамайын, желдің қайдан соққанын жалпы түсіндіңіздер ғой. Енді менде Хабар жоқ, мен Хабарда жоқпын)

  Су ішкен құдығыма түкіргім келмейді, бірақ үндемей кеткенімді өз пайдасына шешкісі келетіндер бар, білемін. Сондықтан келесі посттардың барлығын еліміздің бетке ұстар көк жәшігі “Хабар” телеарнасының “БЫЛЫҚ”-тарына арнаймын деп шештім",-деді журналист өз жазбасында.

 

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *