«Қазақ жігіттері қорған бола алмай жүр ме?»: Қарақат Әбілдинаның жанайқайы неге қоғамды қақ бөлді?
Сурет: Ашық дереккөзден
Қазақ эстрадасының белді өкілі, танымал әнші Қарақат Әбілдина қазақ қыздарының өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шыға бастағаны туралы ой бөлісіп, бұл мәселе қоғамдық талқылауға себеп болды, деп хабарлайды janabastau.kz.
Әншінің жазбасындағы «бұл — кінә тағу емес, тек жан толғанысы» деген жолдар көпшіліктің пікірін қақ жарып, әлеуметтік желіде қызу талқылануда
Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында соңғы уақытта қазақ қыздарының өзге ұлт өкілдеріне ұзатылып жатқанын жиі байқап жүргенін жазған. Бұл жағдайға әнші өз ойын былай деп білдіреді:
«Ұлтым, тілім, салт-дәстүрім мен үшін өте қымбат. Қыз — ұлттың айнасы. Оны кімге ұзатсақ та, ұлттың намысы мен рухын бірге ұзатамыз».
Бұл пікір арқылы әнші әрбір қазақ қызының тағдыры жеке мәселе ғана емес, ұлттың ұрпақтық жалғастығы мен болмысына тікелей әсер ететінін меңзеп отыр.
Өнер иесі бұл құбылысты тек сырттай бақылап қана қоймай, оның астарында қоғамдық-әлеуметтік себептер болуы мүмкін екенін де еске салады. Оның айтуынша, кейбір қыздар қазақ жігіттерінен қорған таппай, өзге ұлттың өкіліне тұрмысқа шығуға мәжбүр болуы мүмкін.
«Бұл махаббат па? Әлде бақытын өз жерінен, өз елінен таппағаны ма?» — деп сауал тастайды әнші.
Әншінің жазбасындағы «бұл — кінә тағу емес, тек жан толғанысы» деген жолдар көпшіліктің пікірін қақ жарып, әлеуметтік желіде қызу талқылануда
Оқи отырыңыз


Пікірлер (0)