Біріңғай уақыт белдеуін жою : петиция 50 мың қол жинады
Сурет: ғаламтордан
Біріңғай уақыт белдеуін жою туралы петиция 50 мың қол жинады. Енді оны сауда және интеграция министрлігі қарауға міндетті, - деп хаьарлайды Janabastau.kz.
Бұған дейін сауда вице-министрі Қайрат Төребаев петиция 50 мың қол жинаса, қарауға уәде берген болатын.
Еске салсақ, осыған дейін Мәжілістегі баспасөз брифингінде журналистер вице-премьерге қазақстандықтар қол қойып жатқан бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы петиция бойынша сұрақ қойған еді.
«Бұл петиция 40 мыңға жуық дауыс жинады (осы уақытқа дейін оған 46 мыңнан астам қазақстандық – AR қол қойды). Егер ол 50 мыңға жетсе, сіз қалай қарайсыз? Бір уақыт белдеуі мүлдем жойылуы мүмкін бе?»- деп сұраған еді БАҚ өкілдері.
«Петиция 50 мың дауысқа ие болған кезде, біз арнайы жұмыс тобын жинаймыз және заңда белгіленген мерзімде мемлекеттік органдарды тарта отырып, сарапшылар бұл мәселені қараймыз», - деген еді Серік Жұманғарин.
Содан кейін журналистер бір уақыт белдеуінің жойылу ықтималдығы бар ма деген сұрақты қайталаған болатын.
«Мен қазір ықтималдықтар туралы айтқым келмейді. Алдымен бұл петиция 50 мың дауыс жинай ма, деп күтейік»,-деп жауап берген еді вице-премьер.
Еске сала кетейік, осы жылдың 1-наурыз күні Қазақстан толығымен +5 UTS уақыт белдеуіне қосылды. Бұл идеяның негізгі бастамашысы сауда министрлігі болды. Шенеуніктер бұл шешімді жұмысты біріктірумен, бүкіл ел бойынша біркелкі банктік уақыт және ел тұрғындарының биоритмдерін жақсартумен негіздеді.
Алайда, біртұтас уақыт енгізілгеннен кейін көп ұзамай әлеуметтік желіде халық, әсіресе шығыс облыстар мен Алматы тұрғындары жаппай шағымдана бастады.
Пікірлер (0)