“Үйден кетіп оралмаған”: Аутизммен ауыратын 13 жасар баланы іздеуге тікұшақ көтерілді
Сурен: видеодан кадр
ТЖМ құтқарушылары үйден кетіп, оралмаған аутизммен ауыратын 13 жасар баланы тіқұшақпен іздей бастады,- деп хабарлайды Janabastau.kz.
Бүгін таңертең Қазақстан, Ақтөбе облысы ТЖД гарнизонынан құтқарушылар мен кинологиялық қызмет төртінші тәулікте жер үсті жұмыстарын жүргізуде. Олар баланың барлық болуы мүмкін жерлерін мұқият тексеруді жалғастыруда.
Сонымен қатар, сүңгуірлер Ақтөбе қаласының аумағындағы су объектілерін тексереді.
Естеріңізге сала кетейік, 4 маусымда 2011 жылы туған бала үйден кетіп, оралмады.
«Бала аутизммен ауырғандықтан, бағдары бұзылған. Оның өзен бағытына қарай кеткені туралы мәліметтер бар, алайда нақты деректер жоқ. Бірақ, біз ең алдымен осы аумақтағы өзен, өзен сағасы, бұталар, ағаштардың жанынан іздестіріп жатырмыз»,- деген еді «Зелло іздестіру» волонтеры Екатерина Голотина.
Пікірлер (0)