Бірыңғай электрондық кезек талондарын елімізбойынша брондау

Жаңалықтар
view 42
news

Фото: Ресми дереккөзден

Цифрландыру жылы аясында «Азаматтарғаарналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымемлекеттік қызметтерді алу сапасы мен қолайлылығын арттыруға бағытталған цифрлықшешімдерді енгізуді жалғастыруда, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Бірыңғай электрондық кезек талондарынброндау бойынша пилоттық жоба 2025 жылдыңқыркүйегінде іске қосылып, республика бойыншаХҚКО бөлімдерінде кезең-кезеңімен енгізілді. Қазіргі уақытта пилоттық жобаның кезекті кезеңібасталып, ол қосымша 5 ХҚКО бөлімін қамтиды. Олардың қатарында - Абай облысы Мақаншыауданының, Ақмола облысы Шортанды жәнеЖақсы аудандарының, Атырау облысы Исатай ауданының, сондай-ақ Жамбыл облысы Мойынқұмауданының бөлімдері бар. Жаңа бөлімдерді есепкеалғанда, ҚР бойынша пилоттық жобақатысушыларының жалпы саны 39 фронт-офистіқұрайды.

Жаңа жоба шеңберінде азаматтар ХҚКО бөлімдерінде мемлекеттік қызметтерді алу үшін кезекті «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы алдын ала брондауы қажет. Брондау барысында өтініш беруші өзіне қолайлы күн мен уақытты таңдай алады. Қызмет көрсету орталығына келіп, талон алу барысында жүйе өтініш берушінің жеңілдік санатына жататынын автоматты түрде анықтап, оған қызмет көрсетуде басымдық береді.

Бұл ретте дайын құжаттарды беру, өзін-өзі қызмет көрсету секторының жұмысы, сондай-ақ құжаттандыру желісі бойынша қызметтер бұрынғы тәртіппен, талонды алдын ала брондаусыз жүзеге асырылады.

Бұл ретте, жаңа бөлімдерді қосу арқылы пилоттық жобаны кеңейтудің соңғы кезеңі жүзеге асырылады. Пилоттық жоба жаңа сервистің азаматтар үшін қолайлылығын және оның практикалық тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *